$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2022, 10:28
Оқиғалар

ШҚО-ның төрт ауданында дала өртін сөндіру жұмысы жалғасып жатыр

Абай облысының Жарма, Үржар аудандарында да өртпен күрес жүріп жатыр

ШҚО-ның төрт ауданында дала өртін сөндіру жұмысы жалғасып жатыр
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі дала өртіне қатысты 9 қыркүйектегі жағдай бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Күршім ауданында (Марқакөл орман шаруашылығы, Бобровское орман шаруашылығы, Төсқайың ауылдық округі) алдын ала өрт аумағы 1800 гектарды құрады. Өртті сөндіруге 278-ден астам адам жұмылдырылған. Су төгетін құрылғысы бар үш тікұшақ тартылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ Алтай аймағында (Зырян орман шаруашылығы, Быковское орман шаруашылығы) 1400 гектар аумақта өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Екі тікұшақ тартылып, 141 тонна су төгілді.

Ал Қатонқарағай ауданында өрт 1900 гектар аумақты шарпыған. Бұл жаққа да МИ-2 және МИ-17 тікұшақтары да тартылған.

Тарбағатай ауданындағы Құйған ауылдық округі аумағында дала өрті сөндіріліп жатыр. Орман аймағында 17,5 гектар аумақта өрт таралуы тоқтатылды.

Тақырыпқа орай: Абай облысындағы өртті сөндіруге барған өрт сөндіруші оттың ортасынан шыға алмай көз жұмды

Айта кетсек, өртпен күрес көршілес Абай облысында – Жарма, Үржар аудандарында да жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары