$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2022, 16:56
Оқиғалар

Сәбиін сатпақ болған оралдық қыз түрмеде тұрмысқа шықты

Қалыңдық бостандыққа алты жылдан кейін ғана шығады

Сәбиін сатпақ болған оралдық қыз түрмеде тұрмысқа шықты
УГ-157/11 мекемесінің баспасөз қызметі

Атыраудағы әйелдер түрмесінде бұрын сәбиін сатпақ болғаны үшін сотталған қыз сүйіктісімен некесін қидырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Өткен жылы 21 жастағы оралдық қыз жүкті болып қалып, босанады. Ол жаңа туған сәбиін сатпақ болады. Оны полиция қызметкерлері ұстап, сот үкімімен көкек ана жеті жылға сотталды.

Сотталған қызды Оралдағы тергеу қапасынан Атыраудағы әйелдер түрмесіне ауыстырады. Қыз түрмеге түссе де, сүйіктісі оны тастамай, артынан Атырауға іздеп келген. Кейін қыз түрме әкімшілігінен жігіті екеуінің некелерін заңдастыруды сұрап, өтініш жазады.

УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Марта Өтепованың айтуынша, жас жұбайлардың өтініші қанағаттандырылған.

"Мекемеге сотталған қыздың жігіті мен неке қию қызметкері шақырылып, некелерін қидық. Жас жұбайларға бостандықта қауышуларын тілейміз", — дейді Марта Өтепова.

Қалыңдық бостандыққа алты жылдан кейін ғана шығады. Оған дейін жолдасымен ай сайын кездесе алады.

Серіктес жаңалықтары