Кеше 1995 жылғы тұрғын алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған
Қордайдағы қақтығыс салдарынан көз жұмғандардың саны 10-ға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Қордайдағы қақтығыс салдарынан көз жұмғандар санының бүгін, яғни 9 ақпан күні 10-ға жеткені туралы Масаншы ауылдық округінің әкімі хабарлаған. Кеше кешке қарай 1995 жылғы тұрғын алған жарақатынан ауруханада қайтыс болған еді.
Еске сала кетсек, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаның бұзақылық екенін, оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын айтты.
8 ақпан күні ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккенін, қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар 47 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жаппай төбелес барысында қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды.
9 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді.