ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Таиландта 21 адамды өлтірген әскери қызметкердің көзі жойылды

Кей дерек көздері құрбандар саны 25 адамға жеткенін айтады

Фото: REUTERS©

Таиландтағы Нахонратчасима (Корат) қаласында бейбіт тұрғындарды кепілге алып, оларға оқ атқан сержанттың көзі жойылды. Бұл туралы РИА Новости «Тхаи Рат ТВ» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Телеарна мәліметінше, қылмыскер сауда орталығының супермаркет орналасқан жертөлесіне жасырынған екен. Көзі жойылар сәтте оның жанында ешкім болмаған. 

Айта кетсек, 8 ақпан күні Таиландтың солтүстік-шығысында орналасқан сауда орталығы маңында әскери қызметкер бейбіт тұрғындарға оқ атып, артынша сауда орталығына кіріп, адамдарды кепілге алған болатын.

21 адам, оның ішінде бір полиция қызметкері қылмыскердің қолынан қаза тапты. Кей дерек көздері құрбандар саны 25 адамға жеткенін айтады. Таиланд денсаулық сақтау министрлігі 63 адамның жарақат алғанын растады. 

«Бүгін, 9 ақпан күні таңғы уақытта қылмыскерді арнайы жасақ жауынгерлері жер жастандырды. Бізге бұл туралы арнайы жасақтың полиция отрядының басшысы мәлімдеді», – деп хабарлады телеарна тілшісі оқиға орнынан.