Шымкентте мұғалімді аяусыз өлтірді деген күдікті ұсталды
Оны полиция екі ай бойы іздеген

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 маусымда Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 30 жас шамасындағы әйел кісінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған кезде мәйіт 32 жастағы азаматшаныкі екендігі анықталған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша 38 жастағы азамат күдікті ретінде танылып, оған қатысты сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған.
Бұл қылмыс туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасына 3 күн бұрын жазып, тікелей ҚР Ішкі істер министрінің араласуын сұраған болатын.
Тақырыпқа орай: Шымкентте Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімін айуандықпен өлтірген