$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2022, 15:34
Оқиғалар

СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлады: тексеріс басталды

Бүлдіршін жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болған

СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлады: тексеріс басталды
Фото: ашық дереккөзден

СҚО-да полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

26 тамызда СҚО облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.

Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды.

Қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты.

Аталған факті бойынша материалдар Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады. Тәртіп сақшылары жас балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды, ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салады. Жас балалары бар отбасылар жазатайым оқиғаға жол бермеу үшін терезеге бұғаттау құрылғыларын орнату туралы ойлауы керек. Сонымен қатар, баланың терезе алды тақтайына шықпауы үшін орындықтар мен басқа да заттарды терезенің маңынан алған жөн.

Серіктес жаңалықтары