$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2020, 09:22
Оқиғалар

Масанчидегі жағдайдың ушығуына байланысты шекара күзеті күшейтілді

Қырғыз-қазақ шекарасында орналасқан Қырғызстанның шекарашылары шекара күзетінің қызметін күшейтті

Масанчидегі жағдайдың ушығуына байланысты шекара күзеті күшейтілді

Қырғыз-қазақ шекарасында орналасқан Қырғызстанның шекарашылары Қазақстанның шекаралас аймағындағы ауылдағы жағдайдың ушығуына байланысты шекара күзетінің қызметін күшейтті. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі 7-8 ақпанға қараған түні хабарлады, деп жазады АКИpress.

«Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы Қордай ауданында Шу облысының аумағымен шектесетін аймақта жағдайдың ушығуына байланысты шекарада орналасқан бақылау-өткізу пункттері мен GPS қондырғылары қызмет көрсетудің жетілдірілген нұсқасына ауыстырылды», - делінген мәлімдемеде.

Министрлік мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ бөлігіндегі жағдай тұрақты деп мәлімдеді.

Айта кететіні, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе және Масанчи ауылдарында жаппай төбелес болған еді. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары арасындағы жаппай төбелес бойынша ҚР ҚК 243 бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы бұзақылық сипаттағы төбелесті арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болды деп мәлдімдеме жасады.

Бұған дейін, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы оқиғаның бұзақылық екенін, оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын айтты.

8 ақпан күні ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 40-тан астам адам зардап шеккенін, қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар 47 адамның ұсталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, жаппай төбелес барысында қайтыс болған азаматтардың отбасыларына көңіл айтты

Қаза тапқандардың туыстары мен жергілікті тұрғындар билік өкілдерінен кінәлілерді тауып, жазаға тартуды сұрады. 

Бердібек Сапарбаев арандатушылар мен қақтығысқа қатысқандардың ешқайсының заң алдындағы жауапкершіліктен құтылып кете алмайтынын айтты. Ол сондай-ақ, барлық зардап шегушілерге шығындарының қалпына келтірілетінін, өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатқанын, үйінен айрылғандарға үй салынатынын мәлімдеді. 

Серіктес жаңалықтары