$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.02.2020, 05:53
Оқиғалар

Павлодарда жалақысын ала алмай жүрген құрылысшы өзін-өзі өлтірмек болды

Ол кеңседе тамырын кескен

Павлодарда жалақысын ала алмай жүрген құрылысшы өзін-өзі өлтірмек болды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда құрылысшы жалақысын төлеуді талап етіп тамырын кесті. Ол бір күнде екі рет суицид жасамақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол жұмыс істейтін құрылыс компаниясы екі ай жалақы төлемепті. Алдымен ер адам көпқабатты үйдің төбесінен секірмек болған. 

Павлодар облысының бас еңбек инспекторының айтуынша, ол желтоқан-қаңтар айларының жалақысын алмаған. Еңбек инспекторлары мен әріптестері оны өзін-өзі өлтірмеуге көндірген. Дегенмен, төбеден секірмегенімен, ол төменге түскеннен кейін тамырын кескен.

Ер адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Полиция мен дәрігерлер оқиғаның мән-жайын ашып айтудан бас тартты. «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары