$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2022, 15:56
Оқиғалар

Екібастұзда 10 млн теңге қаржы жымқырған қоғамдық бірлестіктердің басшысы сотталды

Сот оны 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті

Екібастұзда 10 млн теңге қаржы жымқырған қоғамдық бірлестіктердің басшысы сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге бөлінген бюджет қаражатының ұрлануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу барысында «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктерінің 2019-2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды.

«Алайда нақты қызмет көрсетілмеген. Бұл үшін бюджеттен бөлінгеннен әлдеқайда аз жалақы алатын бөгде мамандар тартылды. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген», - делінген агенттік хабарламасында.

Сот қоғамдық бірлестіктердің басшысын 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Серіктес жаңалықтары