$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2022, 16:30
Оқиғалар

Щучинскідегі ойын алаңында кәмелетке толмаған бала ауыр жарақат алды: қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамалары тағайындалып, тергеу жүріп жатыр

Щучинскідегі ойын алаңында кәмелетке толмаған бала ауыр жарақат алды: қылмыстық іс қозғалды
Фото: tengrinews.kz

Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға осы жылдың 17 тамызында Щучинск қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жасар бала қоршаудан шығып тұрған темірден жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған фактіге қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тергеу аясында аталған балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан “Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” ММ балансында тұрғандығы белгілі болды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. 

 

 

Серіктес жаңалықтары