ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Орал – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызы жолда бұзылып қалды

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылып, басқа пойызбен сапарын жалғастырады

5 ақпан күні сағат 21.07 -де Орал – Алматы арасында қатынайтын №52 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты «Қарағанды – Ағадыр» (Қарағанды облысы) учаскесінің «Нілді – Айса» аралығында тоқтап қалды. Бұл туралы ақпаратты «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Жүк тасымалы» АҚ компанияларының баспасөз қызметі хабарлады.

Құрамында 29 вагоны бар 182 жолаушы мінген пойызды жөндеу үшін Қарағанды станциясына қайтару туралы шешім қабылданған. Себебі, екі вагон аралығында болған техникалық ақау пойыз көлігінің қауіпсіздігәіне әсер етуі мүмкін. Пойызды «Patentes Talgo S.L.» компаниясының Қазақстандағы мердігер ұйымы ретке келтіреді.

«Орал – Алматы-2 қатынасындағы №52 жолаушылар пойызының Қарағанды станциясына келуі шамамен 11,30 сағатта. №52 пойыздың жолаушылары Қарағанды станциясына жеткен соң «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан билет құнын 100% өндіре алады. Сондай-ақ Алматыға жол тартқан жолаушылар Қостанай - Алматы-1  арасында қатынайтын № 44 және Нұр-Сұлтан - Алматы-1 арасында қатынайтын жолаушылар пойыздарымен сапарын жалғастырады. Құрам тоқтап тұрған уақытта жолаушылар пойыз мейрамханасында ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.