Шымкентте жалған шот-фактура жазып берумен айналысып келгендер сотталды
Олар 1,5 млрд теңгенің жалған есеп-шотын жасаған

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, сотталған тұлғаның атына тіркелген «Toyota» маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне айналдырылды",-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.