$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2022, 17:41
Оқиғалар

«Қант әперемін»: тараздық қыз жерлестерінің 2 млн теңгесін алып қашып кеткен

Алаяқ өңірдегі қант тапшылығын пайдаланған

«Қант әперемін»: тараздық қыз жерлестерінің 2 млн теңгесін алып қашып кеткен
nsn.fm

Тараздық полицейлер алаяқтық күдігімен 23 жастағы қызды ұстады деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті қыз қант тапшылығы болып жатқан кезде осынау өнімді қиындықсыз тауып беремін деп жұртты алдап, ақшаларын жинап алған. Алданған бірнеше тұрғын полицияға арызданып, келтірілген шығынның 2 миллион теңгеден асатыны анықталды.

«Полиция қызметкерлерімен жүргізілген «Anti-fraud» жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Тараз #алаяқтық