Жезқазғанда көшеде есінен танып құлаған әйелді бір топ адам тонап кеткен

Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жезқазғанда көшеде есінен танып құлаған әйелді бір топ адам тонап кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Жезқазғанда өзін нашар сезініп, ес-түссіз қалған әйелдің әмияны мен телефонын ұрлап кеткен ұрылар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілдеде Ұлытау облысы Жезқазған қаласының полиция басқармасына жедел жәрдем бригадасы 61 жастағы науқасты жеткізгендігі туралы медициналық мекемеден хабарлама келіп түсті. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр, бірақ тұрақты деп бағалады. Әйел өз-өзіне келіп, есін жиған соң үйіне бара жатқанда қолында 12 мың теңге ақшасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесі болғанын айтты. Үй арасынан өтіп бара жатқанда кенеттен өзін нашар сезінген, артынан ауруханада бірақ есін жиған.

Жедел жәрдемге қоңырау Сәтпаев көшісі бойындағы үйлердің бірінен түскені анықталды. Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде әйел адам далада ес-түссіз жағдайда болған. Оның үстіне, ол кезде ешқандай сөмке болмаған. Шамасы, біреу жәбірленушінің жағдайын пайдаланып, оның мүлкін қолды қылған.

Ұрыларды іздеуге қаланың осы аталған ауданының есепте тұрған контингентін жақсы білетін учаскелік полиция инспекторлары атсалысты. Көп ұзамай олар ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен сезікті топты 30-44 жас аралығындағы үш ер адам мен 36 жастағы әйелді ұстады. Аталғандардың барлығы ішімдік ішуді жақсы көретіндер болып шықты. Ұсталғандар көмек керек болған жәбірленушінің сөмкесін алып, қашып кеткендерін мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.