27.07.2022, 16:17
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті
Өрттен зардап шеккендер болған жоқ
Нұр-Сұлтанда жолаушылар тасымалдап жүрген автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 шілдеде сағат 14:45-те Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатыр деген хабар түскен.
«Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқанын анықтады. Өрт сағат 14:58-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамының бес адамы мен бір техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
