Қарағандыда екі адамды өлтіріп қашып кеткен жас жігіт ұсталды
Қылмыстық оқиға 26 шілдеде сағат 1.30 шамасында болған
Қарағандыда екі бірдей адамды өлтіріп, қашып кеткен жас жігіт қолға түсті, қос кісі өлтіру қылмысы жасалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық оқиға 26 шілдеде сағат 1.30 шамасында болған.
«Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан екі ер адамның мәйіті табылды. Адам өлтірді деген күдікпен іргелес тұрған тұрғын үйлер маңынан 23 жастағы күдікті ұсталды. Ол үй ауласында тұрғанда жанжал туындап, сол кезде екі жігіті пышақтап тастағанын мойындады. Күдіктіден қылмыс қаруы тәркіленді», - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Полиция зардап шеккендердің кім екенін анықтады. Олар: 18 және 20 жастағы жас жігіттер», - деді Ә. Әбілдин.