$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2022, 12:21
Оқиғалар

Атырауда жалдамалы пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Олардың артында төрт баласы қалды

Атырауда жалдамалы пәтерден ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Атырауда Авангард шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 26 жастағы ер адам мен 30 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 25 шілде күні кешке 102 нөміріне 1958 жылғы әйелден қызының есікті ашпай жатқаны туралы қоңырау түскен.

Шақырту бойынша жеткен кезекші жедел жасақ пәтердің есігі ашқан кезде бөлмеден 1996 жылғы ер адам мен 1992 жылғы әйел адамның мәйіттерін тапқан.

Марқұмдар ерлі-зайыпты адамдар болып шықты. Олардың артында төрт баласы қалды.

«Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған мәлімет бойынша, қайтыс болған азаматтар ерлі-зайыпты болған. Олардың ортақ некесінен 4 баласы бар. Бұл пәтерді бір ай бұрын 1992 жылғы әйелдің жалға алғаны анықталды», - делінген ПД хабарламасында.

«Интерфакс-Қазақстан» агенттігі әйелдің тұншығып көз жұмғанын, ал ер адамның асылып өлгені анықталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары