$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2022, 10:29
Оқиғалар

ШҚО-да бухгалтер әріптесінің зейнетақы аударымынан 1 млн теңгесін алып алған

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

ШҚО-да бухгалтер әріптесінің зейнетақы аударымынан 1 млн теңгесін алып алған
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында бухгалтер әріптесінің зейнетақы аударымынан 1 миллион теңге иемденіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, материалдарды тексеру барысында тәртіп сақшылары алаяқтық жасау фактісін анықтады.

«Облыс орталығының 55 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болған. 2019 жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін 47 жастағы бухгалтердің өз пайдасын көздеп, жәбірленушінің зейнетақы қорына 1 000 000 теңге аудармағаны анықталды», - делінген хабарламада.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті полиция бөліміне жеткізілді, ол өз кінәсін мойындады. Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары