$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2022, 14:56
Оқиғалар

СҚО-да жол-көлік апатынан ресейлік әйел көз жұмды

6 айда облыс жолдарында мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік оқиғасы болып, 3 адам қаза тапты

СҚО-да жол-көлік апатынан ресейлік әйел көз жұмды
Фото: polisia.kz

СҚО-да мас жүргізуші жол апатын жасап, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 6 айда облыс жолдарында мас жүргізушілердің кесірінен 9 жол-көлік оқиғасы болып, 3 адам қаза тапты, 9-ы жарақат алды.

М.Жұмабаев ауданының 35 жастағы тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қайғылы жағдай республикалық маңыздағы Челябі-Новосібір автожолының 645 шақырымында 19 шілде күні болды.

Қарақоға ауылы маңында ресейлік отбасы мінген Toyota Corolla автокөлігі мас күйдегі аудан тұрғынының басқаруындағы қарсы бағытқа шығып кеткен Toyota Land Cruiser автокөлігімен соқтығысқан. Toyota Corolla-ның жолаушысы - РФ азаматы оқиға орнында қайтыс болды, оның 7 жасар ұлы ауруханаға жатқызылды. Toyota Land Cruiser жүргізушісі уақытша қамауда ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Toyota Land Cruiser жүргізушісіне қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Көлікті масаң күйде басқару, әсіресе, жоғары жылдамдықпен қозғалуға рұқсат берілген жолдарда қайғылы жағдайларға апарып соғуы мүмкін. Республикалық жолдардағы қозғалыс кезінде жүргізушілер барынша сақ болуы тиіс. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғалары көп жағдайда алыс жолға шыққан жүргізушінің шаршауынан, басып озу, бұрылу, жылдамдықты асыру сияқты маневрлерді жасаған кездегі заңбұзушылықтар болатыны туралы еске саламыз. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Жалпы, жыл басынан СҚО-да 127 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 19 адам қаза тауып, 191-і жарақаттанды. Апаттардың 24-і республикалық маңыздағы автожолдарда болған, онда 8 адам қайтыс болып, 49 адам жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары