Павлодарда ағасына ашуланған тұрғын есігін көбікпен бекітіп тастаған
Інісі үйге мас болып келгенде, оны ағасы үйіне кіргізбей қойған
Ер адам полицияға інісінің пәтердің есігін сыртынан көбікпен бекітіп тастағаны туралы айтып қоңырау шалған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт үйден шыға алмай қалған. Тәртіп сақшылары ағайындылардың бірге тұратынын анықтады.
«Інісі үйге мас болып келгенде оны үйіне кіргізбей қойған. Ағасына ашуланған ер адам есігін сырттан жауып тастауға бел байлаған. Қала тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», - дейді департаментте.
Құқық бұзушы он тәулікке дейін қамауға алынады.
Ведомствоның мәліметінше, «102» операторының пультіне күн сайын тек Павлодар бойынша 300-ге жуық қоңырау түседі, демалыс күндері өтініштер саны 600-ге дейін артады.
Жыл басынан бері облыс бойынша полиция 104 мыңнан астам шақырту алған.