Жылқыны қағып кетті: Шымкентте жол апатынан бір адам қаза болды
Тағы 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді

Осы жылдың 16 шілде айында кешкі сағат 20:00 шамасында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Абдулабад ауылы, Абдулабад көшесінің бойында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінен шұғыл топ құрылып, оқиға орнына барды. Бұл туралы Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тәртіп сақшыларының анықтауынша, сағат 20:00 шамасында 4 жолаушысы бар «ВАЗ 21099» маркалы автокөлік Төле би ауданынан Шымкент қаласы бағытына қарай қозғалған. Осы сәтте жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen Passat»маркалы жеңіл көлікпен соқтығысты.
Жол апатынан «ВАЗ 21099» маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ көліктің тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.