$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2022, 08:33
Оқиғалар

Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттердің денесі әлі табылмады

11 шілде күні екі шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді

Түркістан облысында суға батып кеткен шетелдік студенттердің денесі әлі табылмады

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары әліде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары екі шетелдік студенттерді іздеу жұмыстарын 14 күннен бері жалғастыруда.

«11 шілде күні екі шетелдік студенттің бірінің әкесі оқиға орнына келді. ТЖД бастығы Н. Жүнісов екі шетелдік студенттің әкесін суға батқан жеріне апарып іздестіру жұмыстарының барысын көрсетті. Сонымен қатар департамент бастығы іздестіру жұмыстары әрі қарай жалғасатынын айтты», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Еске сала кетейік 2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10 -да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.

Серіктес жаңалықтары