$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2022, 09:13
Оқиғалар

Шымкентте дәмханада жұмыс істеп жүрген жасөспірім қыз көз жұмды

Туыстарының айтуынша, 15 жастағы қызды электр тогы соққан болуы мүмкін

Шымкентте кассир болып жұмыс істеп жүрген 15 жастағы қыз көз жұмды, деп жазды Оtyrar.kz.

Туыстарының айтуынша, жасөспірімді электр тогы соққан болуы мүмкін. Өйткені алғашында суыт хабар жеткізгендер солай хабарласыпты.

Ал қазір шикілік болып жатыр деген Ағару Құралбайдың отбасы тергеудің әділ өтіп, кінәлілердің жазаланғанын талап етеді.

Енді ғана 9-сыныпты аяқтап, аттестатын қолына алған Ағару Құралбайды отбасы жер қойнына тапсырды. Анасының айтуынша, перзенті фаст-фуд дәмханасында жұмыс істеп жүріп, жазым болыпты. Небәрі 15 жастағы жасөспірім алғашында кассир болып кірген екен, бірақ кейіннен жұмыс берушілер еден жууға мәжбүрлеген көрінеді. Соның салдарынан «демалыста ақша жинап, анама көмектесемін» деп жүрген бір үйдің тұңғыш қызы көз жұмған.

«Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Қаратау АПБ-мен ҚР ҚК 156 бабы, 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Яғни, еңбек қағидасын бұзу салдарынан адам өліміне алып келген оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған мекеменің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігіне сай , қауіпсіздік шараларын қаншалықты деңгейде қамтамасыз етті, қызметкерлердің жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалды ма? Жоқ, жасалған жоқ па? Ол жағына әлі құқықтық баға берілетін болады, - деді Шымкент қаласы Қаратау АПБ тергеу бөлімінің бастығының орынбасары Аянхан Омаров.

Қазір фаст-фуд дәмханасы тергеу аяқталғанша есігі мөрленіп, уақытша жабылған. 

Қазіргі таңда кісі өлімне қатысты сот-мединицалық сараптама тағайындалған. Туыстарының қолында экспертизаның алғашқы қорытындысы бар. Онда үш себепте «тоққа түсіп қайтыс болған» делінсе, біреуінде «белгісіз» деп көрсетіліпті. Ал нақты сараптама 20 күнде белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары