$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.07.2022, 12:15
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда жасөспірім суға батып кетті

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Нұр-Сұлтанда жасөспірім суға батып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылы жағынан өзен жағалауында жасөспірім суға кетіп, қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райы жылынып, суға шомылу маусымы басталғаннан бері суға батқан адамдар саны да өсіп келеді. Оның ішінде, әсіресе, балалардың қатысуымен болған қайғылы жағдайлар қайталанып жатыр.

«Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылы жағынан өзен жағалауында жасөспірім суға кетіп, қаза болды. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың өзен жағалауына достарымен шомылып жүріп суға батып кеткені анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп шомылу орындары мен коммуналдық жағажайларды патрульдеудің мобильді топтарын ұйымдастырды. Аталған мобильді топ адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында, су нысандарына тексеріс жүргізеді, азаматтарға суда жүзу ережелерін сақтауды, кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз суға түсуіне жол бермеуді ескертеді. Елорда аумағында барлық патрульдік автокөліктер құтқару құралдарымен жабдықталған.

Полиция департаменті азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Балалардың ересектердің қадағалауынсыз және белгіленбеген орындарда шомылуына үзілді-кесілді тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары