$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.07.2022, 11:35
Оқиғалар

Түркістан облысында танысына 2,5 млн теңге шығын келтірген алаяқ әйел ұсталды

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында танысына 2,5 млн теңге шығын келтірген алаяқ әйел ұсталды
Фото: polisia.kz

Ордабасыда алаяқтық жолмен танысына 2,5 млн теңге шығын келтірген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне ер адам арызданды. Оның айтуынша, танысы шаруа қожалығынан жылқы етін сатып, әр айдың соңында ақшасын жинап беремін деп сеніміне кіріп, сегіз жылқының етін алып кеткен. Арада бір жылға жуық уақыт өтсе де, ол сол күйі еттің ақшасын қайтармаған. Жәбірленушіге келген шығын 2,5 млн теңгеге жуық болған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшыларының алаяқтық қылмысын ашу үшін жүргізген қажетті шараларының арқасында, қылмысқа қатысы бар жергілікті тұрғын анықталды. Ол - бұрын сотты болған орта жастағы әйел. Күдікті әйел етті сатып, ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Әйелдің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары