Павлодарда жасөспірімдер темекі бермеген ер адамды ұрып кеткен
Бұл жағдайға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр
1 шілде күні Павлодарда шамамен сағат 23:00-де Лермонтов және Дерибас көшелерінің қиылысында аулада жеті-сегіз жасөспірім өз подъезінің ауласында шылым бермегені үшін ер адамды қатты ұрып тастаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Подъезде камера немесе видеотіркеуіші жұмыс істеген адамдарды хабарласуды сұраймын. Олар жазасыз қалмауы тиіс. Ертең кез келген адамға осылай жасауы мүмкін», - деп жазады хаттың авторы Іnstagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo.dar парақшасында.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде аталған фактінің тіркелгенін хабарлады.
2022 жылы 2 шілде күні сағат 00:30-да 102 операторының пультіне Лермонтов көшесі,120 мекенжайы бойынша 36 жастағы ер адамды ұрып-соғу туралы қоңырау түскен. Бұл жағдайға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.