Павлодарда жұмысшы тереңдігі 7 метрдей бункерге құлап кетті
Ер адам жарақатпен қалалық ауруханаға жатқызылды

Павлодарда жұмысшы тереңдігі 7 метрдей бункерге құлап кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 23:15-те жергілікті ЖШС-нің бірінің цехына 31 жастағы слесарь жұмыс істеп жатқан кезде бункерге құлаған.
«Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін және жазатайым оқиғаға қатысты тергеу ұйымдастырылғанын мәлім етті.
«Жұмысшы тереңдігі 10 метрдей шахтаға құлап кеткен. 1991 жылы туған ер адамда жабық бас сүйек-ми жарақаты, бел омыртқасының компрессиялық сынуы, екінші дәрежелі травматикалық шок тіркелді», - дейді басқармада.
Сондай-ақ іш жарақаты анықталған. Зардап шеккен адам № 1 қалалық ауруханаға жатқызылды.