$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда Полиция департаментінің бастығы тойында жанармай талондарын уыстап таратты

Тойға 400 қонақ пен 40 әнші шақырылған

"Полиция бастығының ұлының үйлену тойында түсірілген» деген видеоға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Журналист Михаил Козачков Facebook желісінде Алматыдағы тойлардың бірінде түсірілген видеоны жариялаған. Айтуынша, видеоны жіберген адам полиция басшыларының бірінің ұлының үйлену тойы екенін айтқан. Нақтырақ айтсақ, Нұрлан Аманбек той жасаған делінген. 

Жарияланған видеода әртүрлі әлеуметтік желіге салынған тойдың үзінділері жинақталған. Онда 400 қонақ пен 40 әншінің де болғаны көрсетілген. Ас та төк тойда бағалы сыйлықтар ойнатылған көрінеді. Тіпті, кеш қонақтарына бензин құюға талондар да таратылған.

Айта кетейік, тойды тізгіндеген асабаның бірі Тұрсынбек Қабатовтың сөйлеп жатқан видеосында «Нүреке, Жазира ханым той құтты болсын» деп тілек білдіреді.

Ал Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының 5 орынбасары бар екенін ескерсек, соның ішінде 3 баласы бар 55 жастағы Алмасбеков Нұрлан деген лауазымды қызметкер бар. Қазір ол Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істейді. Әзірге қай «Нұрекеге» қатысты тексерістің басталғанын Алматы Полиция департаменті айтпады, тек түсіндірме берумен шектелді.

«Жоғарыда аталған автордың дәлелдері тағайындалған қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатыр. Қызметтік тәртіпті бұзған жағдайда полиция қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданылады»,- деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары