Атырауда өзбекстандық әйел нашақорлар притонын ұйымдастырған

Azattyq Rýhy

Притонда интимдік қызметтер де көрсетілген

Атырауда өзбекстандық әйел нашақорлар притонын ұйымдастырған
azh.kz

Атырауда өзбекстандық әйел нашақорлар притонын ұйымдастырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

«Қарасора» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырауда жалдамалы пәтерін есірткі притонына (бұл ғана емес) айналдырған өзбекстандық 24 жастағы әйелді ұстады.

Тінту кезінде альфа-ПВП синтетикалық есірткі мен кептірілген марихуана табылды. Жедел қызметкерлер нашақорлардың пәтерге келіп, бірі «тауарды» сатып алып кетсе, енді бірінің сол жерде бірге қолданатынын анықтады. Бұдан басқа, притонда интимдік қызметтер де көрсетілген.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.