Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты екі адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 30 маусымда Балқаш – Сарышаған тасжолында болған

Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыпты екі адам қаза тапты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан ерлі-зайыпты екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 маусымда сағат 15.45 шамасында Балқаш – Сарышаған тасжолында болған.

«DAF FT XF-105» ауыр жүк көлігінің 61 жастағы жүргізушісі Балқаш қаласы жағынан келе жатып, Сарышаған кентіне 50 шақырым қалған тұст рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан көлік жол жиегіне аударылып кеткен.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы (жүргізушінің әйелі) оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде аталған дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.