$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да әйелін атып өлтірген адам өзі де суицид жасады

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр

СҚО-да әйелін атып өлтірген адам өзі де суицид жасады
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында аңшы мылтығынан екі адам қаза тапты. Тергеушілердің алдын ала нұсқасы бойынша әйелін атып өлтірген Айыртау ауданының тұрғыны өзіне қол салған. Жантүршігерлік оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ерлі-зайыптылардың артында кәмелетке толмаған 3 бала қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.                                   

Шақырту бойынша қылмыс орнына жеткен жедел тергеу тобы адам қолынан қаза тапқан екі адамның мәйітін тауып алған. Оның біреуі әйел адам болса, екіншісі марқұмның күйеуі Лобанов ауылының 36 жастағы тұрғынының денесі.

Қайғылы оқиға 27 маусымда таңғы сағат 5 шамасында болған. Бұл жайтты полицияға атыс кезінде үйде болған балалар хабарлаған. Оқиға орнынан аңшылық мылтық тәркіленді.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (ауырлататын мән-жайлардағы кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған үш кәмелетке толмаған бала Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Оқиғаның негізгі нұсқаларының біріне сәйкес, 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелі атқан. Ол қайтыс болғаннан кейін, мылтықпен өзін-өзі өлтіргені анықталды. Алайда қорытынды тергеу нәтижелерінен кейін шығарылады», - делінген Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

Кәмелетке толмаған балалардың алдыңғы тағдыры белгісіз.

Серіктес жаңалықтары