Қарағанды облысында жол апатынан 2 жүргізуші қаза тауып, 7 бала зардап шекті
Қайғылы оқиға 28 маусымда Нұра кентінен 4 шақырым жерде болған

Қарағанды облысында жол-көлік апатынан 2 жүргізуші қаза тапты, сондай-ақ 7 бала зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 маусым күні сағат 21.45-те Нұра кентінен 4 шақырым жерде «Жараспай-Нұра» автожолында болған.
«Honda Odyssey автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі алдын рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 25 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі көз жұмды. Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеде қайтыс болды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жол апатынан Volkswagen Golf автокөлігінің жолаушылары зардап шекті. 37 және 33 жастағы ерлі-зайыпты және олардың 11, 8, 7, 6, 5 және 2 жастағы балалары, сондай-ақ 19 жастағы әйелдің інісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.