Павлодарда жағажайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Azattyq Rýhy

Бозбаланың жағажайда қалған киімдерін әледкімдер ұрлап кеткен

 

Павлодарда жағажайда жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Бірнеше күн бұрын Павлодарда өзен жағасынан жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

28 маусымда VITA іздестіру жасағының еріктілері Instagram желісіндегі парақшасында жоғалған жас жігіттің өлі табылғанын жариялады. Іздеу жасағы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Олар соңғы уақытқа дейін жасөспірімнің табылатынынан үміттеніп, іздеу жұмыстарын доғармаған болатын.

Тақырыпқа орай: Павлодарда жасөспірім жағажайда жоғалып кетті

Еске салсақ, 25 маусымда еріктілер, құтқарушылар мен полицейлер бозбаланы іздеуге кіріскен. Жігіт досымен бірге Павлодардың орталық жағажайында демалып жатқан, алайда біршама уақыттан соң жоғалып кеткен. Бір сағат күткеннен кейін досы бозбаланың заттарын жағаға қалдырып, өзі кетіп қалған. Артынша әлдебіреулер жоғалған жасөспірімнің жағада қалған сөмкесі мен аяқ киімін алып кеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.