Павлодарда жасөспірім жағажайда жоғалып кетті
Жоғалған бозбаланың сөмкесі мен аяқ киімін әлдекім алып кеткен
Соңғы рет оны өзен жағасынан көрген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«VITA» іздестіру жасағына 17 жастағы ер баланың жоғалғаны туралы түнде хабарлаған. Еріктілерге хабарсыз кеткен адамның суға батып кетуі мүмкін екені айтылды.
- Еламан орталық жағажайдағы жағажай футболы алаңының тұсында басқа жігітпен бірге демалып жүріп, судан қайтып оралмаған. Жағажайда адамдардың өте көп болғанына қарамастан, оның қайда кеткенін ешкім көрмеген, - деді «VITA» іздестіру жасағында.
Еріктілердің айтуынша, Еламанның бірге демалған танысы оны бір сағаттан астам күтіп тұрған. Кейін жоғалған жігіттің заттарын жағаға тастап кетіп қалған. Содан кейін біреу жоғалған бозбаланың сөмкесі мен аяқ киімін алып кеткен.
Облыстық полиция департаменті жасөспірімді іздестіру туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.
«VITA» волонтерлері қала тұрғындарын жоғалған жігіттің қайда екені туралы мәлімет болса, хабарлауға шақырды.