Павлодарда зейнеткердің үйінде мінез көрсеткен қонақ жауапкершілікке тартылды
42 жастағы ер адам қарияны қорлап, үйінен кетпей қойған

Павлодарда зейнеткердің үйінде мінез көрсеткен қонақ жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кеше отбасында жанжал шығарған отағасы да анықталды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 28 маусымда Павлодар қаласының полициясына егде жастағы ер адам қоңырау шалған. Ол сыбырлап сөйлеп, көмек сұраған.
"Атаның айтуынша, біраз уақыт бұрын оған аздап таныстығы бар ер адам келген. Бірақ бірнеше сағаттай болған қонақ үйден кетпей қойды. Онымен болмай, қонақ өзін дөрекі және орынсыз ұстады, үй иесін қорлады. Полиция аталған пәтерге қоңырау шалып, зейнеткер мен оның қонағын тапты. Полиция формасындағы адамдарды көргенде ғана шақырылмаған қонақ пәтерден кетуге асықты", - деді департаментте.
Үй иесіне тіл тигізгені үшін 42 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сонымен қатар, Қамзин көшесіндегі пәтерлердің бірінде көршілер әйелдің айқайын естіп, полициядан көмек сұрады.
"Белгілі болғандай, бұл жерде іс отағасының әйеліне қол көтеруі болды", - деді департаментте.
Тәртіп сақшылары отбасында жанжал шығарған ер адамды ҚР ӘҚБК 73-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Енді ол өз әрекеттері үшін заң бойынша жауап береді.