$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.06.2022, 15:17
Оқиғалар

Антикор кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың мүшесін ұстады

Ол 15 млн теңге алып жатқан сәтте қолға түсті

Антикор кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың мүшесін ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топтың мүшесін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің бірінің басшылығына пара ретінде кәсіпкерден қаржы талап еткен криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізілді.

«25 маусымда аталған адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды. Ұсталғандардан тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы – «ТТ» және «Smith&Wesson» маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленді», - делінген Антикор хабарламасында.

Олардың кінәсін сот анықтайды.

 

Серіктес жаңалықтары