01.02.2020, 09:35
Оқиғалар
Ақтауда екінші сынып оқушысы менингиттен көз жұмды
Бала ауруханаға 28 қаңтар күні түскен
Фото: ашық дереккөзден
Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері облыстық балалар ауруханасына «менингококк инфекциясы» диагнозымен 8 жастағы баланы жеткізді. Дәрігерлер ұл баланы құтқарып қала алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Тумба» басылымына сілтеме жасап.
Бала ауруханаға 28 қаңтар күні ауыр халде түскен. Оның дене қызуы 38.6° болған, сонымен қатар оны жөтел, әлсіздік мазалаған. Баланың тәбеті болмай, іші өтіп, құса берген.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сенсек, облыстық балалар ауруханасы консилиум өткізіп, ем тағайындаған.
«Өкінішке қарай, келесі күні таңғы сағат 7-де бала менингококк инфекциясы мен менингококкцемиядан көз жұмды», - дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
25.11.2026, 10:11
Төрағасы – Смайылов: Тоқаев «Халықтық құрылыстың» қаражатын бақылайтын комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 17:04
Саптағы 26 жылдың құны - бір жапырақ алғыс хат: Қазақстанда зейнетке шыққан әскерилер неге қоғамға сыймай қалады
