28.06.2022, 12:18
Оқиғалар
Қарағандыда халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден
Адам өлтірді деген күдікке ілініп, қашып кеткен Қызылорда облысының тумасы Қарағандыда ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-9-тармақтары бойынша қылмыс жасаған деп айыпталып отыр. Ұсталған азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полицейлер күдіктіні Қарағанды қаласындағы саябақтардың бірінде ұстаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,-деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды