28.06.2022, 13:19
Оқиғалар
Екібастұзда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды
Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған
Фото: ашық дереккөзден
Екібастұзда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2022 жылғы 28 маусымда сағат 08.03-те Екібастұз қаласынан 15 км қашықтықта ГРЭС-1 гидротехникалық ғимаратының маңында 1990 жылы туған ер адамның мәйітін шығарып алды.
«Ол 2022 жылғы 26 маусымда сағат 15.20-да рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде батып кетті», - делінген хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы, 1 бірлік техника және Павлодар облысы ТЖД 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды