$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.02.2020, 04:08
Оқиғалар

Атыраулық 3 тұрғын шетелдік азаматты ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған (видео)

Зардап шегушінің досы оларға 20 мың теңге ғана берген

Атыраулық 3 тұрғын шетелдік азаматты ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған (видео)
Кадр видеодан алынды

Атырау қаласының 3 тұрғыны шетелдік азаматты ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.    

Қылмыстық іс өткен жылдың сәуір айында болған.

Үш ер адам Өзбекстан азаматын ұрлап әкетіп, елсіз жерге апарып ұрып-соғып, оның Lada Largus маркалы көлігін тартып алған.Содан соң оның отандасынан 500 мың теңге сұрап, ақша бопсалай бастаған. Алайда кейінірек олар 300 мың теңгеге тоқталған.

Зардап шегушінің досы оларға 20 мың теңге ғана береді. Қаскөйлер қалған соманы екі күннің ішінде жинап әкелуді талап етеді. Егер ақша әкеле алмаған жағдайда көлікті бөлшектеп сатып жіберетіндерін айтқан. 

Қылмыскерлерді 17 сәуір күні ұстаудың сәті түскен. Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 126-шы «Еркінен тыс бас бостандығынан айыру» және ҚР ҚК 194-ші «Бопсалау» баптары бойынша бірден сотқа дейінгі тергеу істерін жүргізген.  

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ мүшелерінің бәрі кінәлі деп табылды және оларға 3 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталғандардың бірі сондай-ақ, 10 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа жегілетін болды.  

Серіктес жаңалықтары