27.06.2022, 13:13
Оқиғалар
Көкшетауда аса ірі көлемде контрабандалық темекі өнімі таркіленді
Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
ҚМА Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментімен заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rúhy.
«Газель маркалы автокөлікті тексеру барысында акциздік таңбалары жоқ 34 500 дана темекі өнімдері табылып, тәркіленді. Темекі өнімдері көлікке Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әмір» әмбебап базарының аумағында тиеліп, Көкшетау қаласына жөнелтілген. Жедел іздестіру кезінде сол маркадағы темекілер табылды. 34 500 дана темекінің құны 20 355 000 теңгені құрайды",-делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.
ҚР КПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты