Томирис Байсафа өлімі: сот тергеуі аяқталды

Azattyq Rýhy

Бұл туралы марқұмның анасы Жанна Ахметова хабарлады

Томирис Байсафа өлімі: сот тергеуі аяқталды
Фото: ашық дереккөзден

Томирис Байсафаның өліміне бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұмның анасы Жанна Ахметова Instagram желісінде ата-анасына арнап жариялаған жазбасына сот тергеуінің барысы туралы айтып өтті.

«Сот тергеуі аяқталды. Енді тараптардың пікірсайысы мен үкім ғана қалды», - деді ол.

Бұған дейін Мәскеудің Никулин соты Томирис Байсафаны өлтірді деп айыпталған Мұртазәлі Меджидовтың ісін қайта қарайтынын хабарлаған болатынбыз.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде қазақстандық студент МГИМО ғимаратының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен болатын. Томириспен бірге аудиторияда оның курстасы, Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мухтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидов та болған. Ол Томирис Байсафаның өлімінде басты күдікті ретінде танылды. Муртузали Меджидов қайғылы оқиғадан екі жыл өткен соң, 2020 жылдың шілдесінде қамауға алынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.