$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2020, 20:48
Оқиғалар

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстан экс-премьерінің ұлы ұсталды

Мәскеуде оқыған қазақ қызы 2018 жылы 4-қабаттан құлап қайтыс болған

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен Дағыстан экс-премьерінің ұлы ұсталды

Мәскеудің Басман соты Дағыстанның бұрынғы премьер-министрі Мухтар Меджидовтың ұлын қамауға алу туралы шешім шығарды. Ол қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікке ілінген, деп жазады РИА Новости.

«Мәскеудің Басман соты бүгін Муртузали Меджидовты 28 қыркүйекке дейін 2 ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды», - делінген сот таратқан хабарламада.

Сот өкілдері Меджидовтың қазақстандық студентті өлтірді деген күдікке ілінгенін растады. Енді оның кінәсі дәлелденсе, ұзақ жылға сотталуы мүмкін.

Еске салайық, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті 21 жастағы Томирис Байсафа 2018 жылдың сәуірінде қайтыс болған еді. Ол ЖОО ғимаратының төртінші қабатынан құлап кеткен. Куәгерлер бойжеткенді ер жігіттің итеріп жібергенін айтқанымен, полиция күдікті ретінде ешкімді ұстамаған болатын.

Серіктес жаңалықтары