$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2020, 22:58
Оқиғалар

ЭКСПО-ның бас аллеясындағы 200 түп ағашты отынға шауып тастаған

Нысанға жауапты компания өкілдері жасыл желектің қурап қалғанын айтып ақталды

ЭКСПО-ның бас аллеясындағы 200 түп ағашты отынға шауып тастаған
Көрнекі фотосурет

ЭКСПО алаңының бас аллеясында өсіп тұрған жүздеген түп ағаш түбімен шабылды. «Хабар-24» телеарнасының хабарлауынша, жұмысшылар 200-дей жас ағашты түбімен кесіп тастаған.

Ағаштарды кесіп жатқан сәтке куә болған астаналық Тимур Асылханов оны видеокамерасына түсіріп, роликты әлеуметтік желілерге жүктеген. Артынша аудандық әкімдік ағаш кескен біз емес деп, бұл аталған нысанның жеке компанияға қарайтынын бірден айтты.

Ал, «Qazexpocongress» ҰК» АҚ өкілдері кесілген талдардың жетілмей қурап қалғанын мәлімдеп отыр. Компанияның баспасөз хатшысы кемі 200 ағаштың бұталғанын растады. Дегенмен, олардың орнына жаңа көшеттер отырғызылады екен.

«Төтенше жағдайға байланысты ЭКСПО аумағына отырғызылатын жасыл желекті жеткізу кейінге қалдырылды. Карантин бітсе күзде кесілген ағаштардың орнына жаңалары отырғызылады», - деді «Qazexpocongress» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Гүлжан Сергібаева.

Серіктес жаңалықтары