22.06.2022, 09:22
Оқиғалар
Абай облысында орман өртеніп жатыр
Мамандардың айтуынша, тұрғылықты мекендерге қауіп жоқ
Абай облысында “Семей Орманы” резерватында орман өртенді, деп хабарлады Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бесқарағай ауданында Жетіжар ауылынана 30 шақырым жерде, “Семей Орманы” резерватында, Долон филиалында орман өртеніп жатыр.
"Орман алқабындағы құрғақ шөп, ағаштар өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы – 20 Га. Тұрғылықты мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіруге облыстық департаменттің жеке құрамынан 11 қызметкер және 3 бірліктегі техника, орман шаруашылығынан 30 жұмысшы және 11 бірліктегі техника жұмылдырылды", – делінген баспасөз хабарламасында.
Тілсіз жаумен күреске қосымша Семей қаласынан 11 адам және 4 бірліктегі техника жолданды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды