Нұр-Сұлтан маңындағы ірі өрт екі тәуліктен соң сөндірілді
Өртті өшіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды

Нұр-Сұлтан маңындағы Талдыкөлдегі қамыс өрті екі тәуліктен соң сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 20 маусым күні сағат 15-03-те басталған. Есіл ауданының Қорғалжын тасжолының бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен соң оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер ашық аумақта қамыс пен қураған шөп жанып жатқанын анықтаған.
«Елордалық өртсөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты. Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен 27 рет су шашылды (81 тонна). Кеше сағат 18-53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05-55-те толығымен жойылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт шығуының ала себебі отты абайсыз қолдану болуы мүмкін.
Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.