Нұр-Сұлтан маңындағы ірі өртті сөндіруге тікұшақ тартылды
Үлкен Талдыкөл аумағындағы өрт 20 маусымда сағат 15-03-те басталған болатын
Нұр-Сұлтанда кешеден бері қамыс өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қорғалжын тасжолының бойында, үлкен Талдыкөл көлінің ауданында, аяқ жетуі қиын сулы-батпақты жердегі ашық аумақта өрт 20 маусымда сағат 15-03-те басталған. Өрт шамамен 6,5 гектар аумаққа таралған.
«Астана Орманы» МКК өрт аумағы бойынша жерді жыртып шықты. Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне өрт таралу қаупі төніп тұрған жоқ. Өртті жоюға ТЖД жеке құрамының 122 адамы және 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Бүгін сағат 8.09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан оқиға орнына қарай «Қазавиақұтқару» АҚ-тың МИ-8 ұшып кетті», - делінген ведомство хабарламасында.