Ақтөбеде анасын өлтірген 16 жастағы оқушы қыздың ісі сотқа түсті

Azattyq Rýhy

Айыпталушылардың қылмыс жасағаны туралы тек бірнеше күннен кейін ғана айтқан

Ақтөбеде анасын өлтірген 16 жастағы оқушы қыздың ісі сотқа түсті
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 16 жастағы қыз бен оның 19 жастағы жігіті қыздың анасын өлтірді деген айыппен сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев мәлімдеді.

Құзырлы орган өкілі айыпталушылардың қылмыс жасағаны туралы тек бірнеше күннен кейін ғана айтқанын атап өтті.

Әйел өз үйінде өлтірілген. Қылмыстың себептері әлі ашылған жоқ.

Белгілі болғандай, қыз бесінші сыныптан бастап «қиын» жасөспірімдерге арналған кешкі мектепте оқып келген. Көршілері қызы мен анасы жиі ұрысып тұратынын айтқан.

Мамыр айының басында қыз бен оның досы кісі өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.