$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2022, 10:17
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттың балконынан құлап мерт болды

Ол құлаған сәтте туыстары үйде болған

Нұр-Сұлтанда 50 жастағы әйел жетінші қабаттың балконынан құлап мерт болды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында 50 жастағы әйел адам 7-қабаттың балконынан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 102 желісіне Достық көшесі бойындағы үйлердің бірінен әйел адамның құлап кеткені туралы хабар түскен.

7-қабаттың балконынан құлаған азаматша оқиға орнында көз жұмған.

Қайтыс болған адамның 50 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Ол құлаған сәтте марқұмның туыстары үйде болған.

"Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес оқиғаға қатысты өзге материалдар жария етілмейді", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары