Ақтөбе тұрғыны «банк қызметкеріне» 3,5 миллион теңгесін аударып берген

Azattyq Rýhy

Қылмыскерлердің кім екені әлі анықталған жоқ

Ақтөбе тұрғыны «банк қызметкеріне» 3,5 миллион теңгесін аударып берген
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе тұрғыны Whatsapp арқылы хабарласқан алаяққа алданып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға осы жылдың 14 мамырында болған.

«Алаяқ әйел тұрғынға Whatsapp арқылы хабарласып, өзін «банк қызметкерімін» деп таныстырған. Ол тұрғынға оның атынан алаяқтардың несие рәсімдегелі жатқанын, сондықтан оқиғаның алдын алу керек екенін хабарлап, әлдебір схемасын ұсынған. Жалған банк қызметкерінің сөзіне сеніп қалған тұрғын алаяқтың қолына 3,5 миллион теңгеден астам ақшасын сол мезетте аударып жіберген», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлердің кім екені әлі анықталған жоқ.

Бұған дейін Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа СМС-кодын айтып, 10 миллион теңгесінен айырылған болатын.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.